Аңдатпа
Бұл зерттеу 2025 жылдың қазан айына дейін жиналған онлайн порталдан алынған микродеректерге (72 391 бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар) негізделген Қазақстандағы субсидияланатын және субсидияланбайтын жұмыс орындарының салыстырмалы сандық талдауын ұсынады. Бұл зерттеу мемлекеттік субсидия мәртебесінің мәлімделген жалақы мен адами капиталға қойылатын талаптарға қалай әсер ететінін түсінудегі эмпирикалық олқылықты жабады.
Деректер жиынтығы екі санатқа бөлінді: мемлекеттік субсидияланатын және субсидияланбайтын бос жұмыс орындары. Жалақы әлеуетін білім деңгейі, мекенжай типі және басқа да факторлардың әсерін ескере отырып регрессиялық талдау арқылы, екі түрлі салыстырмалы талдау жүргіземіз.
Нәтижелер екі сегменттегі білім деңгейі үшін әртүрлі “сыйлықақыларды” көрсетеді. Субсидияланбайтын бос орындарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ең төменгі жалақының жоғары деңгейімен оң байланысты, ал субсидияланатын бос жұмыс орындарда жоғары білімнің әсері салыстырмалы “сыйлықақы” қалыптастырмайды.
Алынған қорытындылар жұмыс орындары ұсынысының сегментациясын эмпирикалық тұрғыдан растауы ретінде түсіндіріледі. Субсидияланатын бос жұмыс орындары стандартталған, бірақ орташа есеппен төмен жалақы төленетін сегмент болып табылады, ал субсидияланбайтын бос жұмыс орындары жоғары жалақы төленетінімен, төлем шарттары бойынша айқын емес.

