pdf

Кілтті сөздер

лоббизм, сыбайлас жемқорлық, демократия, жеке мүдде, билік, азаматтық қоғам, ашықтық

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кушеров, Н., & Жалмағамбетова, С. (2026). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛОББИЗМ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 89(1), 76–90. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.005

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы лоббистік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзара байланысын саяси және құқықтық тұрғыдан кешенді түрде талдауға арналған. Лоббизм қазіргі заманғы саяси жүйеде заңмен реттелген жағдайда азаматтық қоғам мен билік арасындағы ашық диалог тетігі ретінде қарастырылады. Алайда ол заңсыз, бақылаусыз, жасырын түрде жүргізілген кезде сыбайлас жемқорлық қаупін тудыра алады. Осы тұрғыда, Қазақстан жағдайында лоббистік қызметтің құқықтық реттелмеуі жемқорлық тәуекелдерінің артуына себеп болуы мүмкін.

Жұмыста лоббизм ұғымының мәні, халықаралық тәжірибедегі құқықтық шектеу құралдары, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың даму бағыттары және осы екі құбылыстың түйісу нүктелері сараланып көрсетілді.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда лоббизм мен сыбайлас жемқорлық арасындағы шекаралардың бұлыңғыр екендігі және оны құқықтық негізде нақтылау қажеттілігі дәлелденді. Лоббизмді заңдастыру, ашықтық пен есептілікті енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болатыны көрсетілді. Осы ғылыми жұмыс қорытындысында бірқатар ұсыныстар мен практикалық тетіктер ұсынылды. Зерттеу нәтижелері мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, құқықтық реформаларды жетілдіруге және саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізе алады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.005
pdf