pdf

Кілтті сөздер

практикалық философия, саяси этика, цифрландыру, қоғамдық ұстанымдар, жұмсақ күш, цифрлық бақылау, этика.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аккулиева, А., Нұрадин , Г., & Кульбаева, Д. (2026). ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭТИКА: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰСТАНЫМДАР. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 89(1), 24–37. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.002

Аңдатпа

Бұл мақала цифрландыру жағдайындағы қоғамдық ұстанымдардың өзгеруін практикалық философия мен саяси этика тұрғысынан қарастырады. Ханна Арендт, Юрген Хабермас, Мишель Фуко, Питер Слотердайк, Чарльз Тейлор, Зигмунт Бауман, Джон Серл, Евгений Морозов және Лев Манович еңбектері негізінде цифрлық қоғамдағы адам еркіндігі, жауапкершілігі, билік қатынастары және цифрлық бақылаудың этикалық аспектілері талданған. Авторлар цифрлық дәуірдегі адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың трансформациясын философиялық тұрғыдан сараптай отырып, қоғамдық пікірдің поляризациялануы, ақпараттық хаос, цифрлық паноптицизм және цифрлық нарциссизм сияқты заманауи құбылыстардың пайда болуының себептерін ашып көрсетеді. Зерттеу цифрлық этиканың қажеттілігіне баса назар аударып, қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін адамгершілік пен демократия қағидаттарына сай үйлестірудің маңыздылығын дәлелдейді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.002
pdf