ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd
журналКИСИ при Президенте РКuk-UAҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР2414-5696ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/429

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасында ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуын орнықты даму тұжырымдамасы контексінде кешенді талдауға арналған. Мақалада мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары, ана мен баланы қорғауға қатысты құқықтық-нормативтік база және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың мазмұны қарастырылады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарының ұлттық саясатқа ықпалы, халықаралық құқықтық құжаттар мен мемлекетаралық міндеттемелердің орындалу деңгейі, әйелдер мен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы негізгі жетістіктер мен өзекті мәселелер сараланады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, салыстырмалы және статистикалық талдау әдістері құрайды. Теориялық база ретінде әлеуметтік мемлекет пен орнықты даму тұжырымдамаларына қатысты ғылыми еңбектер, халықаралық құқықтық құжаттар, мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен нормативтік-құқықтық актілер пайдаланылды. Эмпириялық дереккөздер ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми статистикалық мәліметтері, халықаралық ұйымдардың есептері және ана мен баланы қорғау саласындағы әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері қолданылды.

Жүргізілген талдау негізінде ана мен баланы қорғау саласындағы ұлттық саясатты жетілдіру, гендерлік теңдікті нығайту және әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар ұсынылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты дамуын қамтамасыз ету және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үдерісін жетілдіруге бағытталған.
Салтанат ӘшірбайГаухар АбдрахмановаХасан Языжы
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-2789111713710.52536/2788-5860.2026.89.1.008ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖӘНЕ СУБСИДИЯЛАНБАЙТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ: ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ АДАМИ КАПИТАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/500

Бұл зерттеу 2025 жылдың қазан айына дейін жиналған онлайн порталдан алынған микродеректерге (72 391 бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар) негізделген Қазақстандағы субсидияланатын және субсидияланбайтын жұмыс орындарының салыстырмалы сандық талдауын ұсынады. Бұл зерттеу мемлекеттік субсидия мәртебесінің мәлімделген жалақы мен адами капиталға қойылатын талаптарға қалай әсер ететінін түсінудегі эмпирикалық олқылықты жабады.

Деректер жиынтығы екі санатқа бөлінді: мемлекеттік субсидияланатын және субсидияланбайтын бос жұмыс орындары. Жалақы әлеуетін білім деңгейі, мекенжай типі және басқа да факторлардың әсерін ескере отырып регрессиялық талдау арқылы, екі түрлі салыстырмалы талдау жүргіземіз.

Нәтижелер екі сегменттегі білім деңгейі үшін әртүрлі “сыйлықақыларды” көрсетеді. Субсидияланбайтын бос орындарда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ең төменгі жалақының жоғары деңгейімен оң байланысты, ал субсидияланатын бос жұмыс орындарда жоғары білімнің әсері салыстырмалы “сыйлықақы” қалыптастырмайды.

Алынған қорытындылар жұмыс орындары ұсынысының сегментациясын эмпирикалық тұрғыдан растауы ретінде түсіндіріледі. Субсидияланатын бос жұмыс орындары стандартталған, бірақ орташа есеппен төмен жалақы төленетін сегмент болып табылады, ал субсидияланбайтын бос жұмыс орындары жоғары жалақы төленетінімен, төлем шарттары бойынша айқын емес.
Алия СарсекееваГулназ КасимоваАрсен АвсаткариновАсланбек Амрин
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-2789110.52536/2788-5860.2026.89.1.009КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫДАҒЫ БАЛА КЕДЕЙЛІГІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/417

Бұл мақалада Атаулы Әлеуметтік Көмек алатын 17 көпбалалы отбасымен жүргізілген тереңдетілген жартылай құрылымдалған сұхбаттар негізінде Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік қолдау бағдарламаларының іс жүзіндегі тиімділігіне эмпирикалық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері кедейлікте өмір сүретін көпбалалы отбасылардағы балалардың толыққанды тамақтануға, білімге және медициналық қызметтерге қол жеткізуі шектеулі екенін және физикалық, танымдық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететінін көрсетеді. «Нұрлы жол», АӘК, «Ауыл - ел бесігі» сияқты бағдарламалардың болуына қарамастан бала кедейлігінің деңгейі жоғары болып қалуда. Эмпирикалық талдау үш негізгі мәселені анықтады: АӘК төлемдері азық-түлікке жұмсалатын шығынның 40-50%-ын ғана жабады; бюрократиялық кедергілер отбасыларды 4-7 мемлекеттік мекемеге барып-келуге мәжбүрлейді; мемлекеттік бала-бақшаға кезек 6-12 айды құрайды. Зерттеу шынайы мұқтаж отбасылардың елеулі бөлігі әлеуметтік қолдаумен толық қамтылмайтынын растайды. Алынған деректер негізінде атаулы қолдауды жетілдіруге, мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігін арттыруға және ата-аналардың жұмыспен қамтылуына бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.
Гулзира ТажигалиеваГулнар Аскеева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-2789110.52536/2788-5860.2026.89.1.010КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/479

Мақалада 2019–2025 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы креативті индустриялардың қалыптасуы мен дамуы үдерісіне кешенді саяси-ғылыми талдау ұсынылады. Экономикалық детерминизмге негізделген басым көзқарастардан өзгеше, авторлар «креативті бетбұрыстың» саяси және әлеуметтік қырларына ерекше назар аударады. Зерттеудің мақсаты – «креативті индустрия» ұғымының теориялық негіздерін талдау және креативті сектордың дамуы Қазақстанның саяси және әлеуметтік дамуына қандай жолдармен ықпал ете алатынын айқындау.

Зерттеу неоинституционалдық тәсілдің, модернизация теориясының және «жұмсақ күш» тұжырымдамасының синтезіне негізделген. Эмпирикалық деректерді, нормативтік-құқықтық актілерді және ресми саяси риториканы талдау нәтижелері Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуы тек экономиканы әртараптандыру құралы ғана емес, сонымен қатар жаңа ұлттық бірегейлікті («Жаңа Қазақстан») қалыптастыру стратегиясы, жастарды саяси әлеуметтендіру тетігі және өтпелі кезең жағдайында билікті легитимациялау тәсілі ретінде қызмет атқаратынын көрсетеді.

Мақалада креативтіліктің либералдық мәні мен мәдени өндіріс саласындағы мемлекеттік басқару әрекеттері арасындағы қайшылықтарға, сондай-ақ әлеуметтік жіктелуге алып келуі мүмкін өңірлік айырмашылықтарға ерекше назар аударылады.
Бақытжан БұқарбайЕлнұр БейсенбаевБибігүл Бюлегенова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-2789172410.52536/2788-5860.2026.89.1.001ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСИ ЭТИКА: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰСТАНЫМДАР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/415

Бұл мақала цифрландыру жағдайындағы қоғамдық ұстанымдардың өзгеруін практикалық философия мен саяси этика тұрғысынан қарастырады. Ханна Арендт, Юрген Хабермас, Мишель Фуко, Питер Слотердайк, Чарльз Тейлор, Зигмунт Бауман, Джон Серл, Евгений Морозов және Лев Манович еңбектері негізінде цифрлық қоғамдағы адам еркіндігі, жауапкершілігі, билік қатынастары және цифрлық бақылаудың этикалық аспектілері талданған. Авторлар цифрлық дәуірдегі адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастардың трансформациясын философиялық тұрғыдан сараптай отырып, қоғамдық пікірдің поляризациялануы, ақпараттық хаос, цифрлық паноптицизм және цифрлық нарциссизм сияқты заманауи құбылыстардың пайда болуының себептерін ашып көрсетеді. Зерттеу цифрлық этиканың қажеттілігіне баса назар аударып, қазіргі қоғамда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін адамгершілік пен демократия қағидаттарына сай үйлестірудің маңыздылығын дәлелдейді.
Асия АккулиеваГүлхан Нұрадин Дина Кульбаева
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-27891243710.52536/2788-5860.2026.89.1.002ҚЫТАЙДЫҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/396

Мақалада қазіргі Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілген жаңа мемлекеттік менеджмент элементтері көрсетілген. Осы елдегі жаңа мемлекеттік басқарудың батыстық басқару үлгілері рухында жүргізілген әкімшілік реформалардың басқарушылық институционалдық жағдайларының ерекшеліктері талданады. Бюрократиялық аппараттың құрылымы және мемлекеттік қызметшілердің басқару тұрғысынан құндылық басымдықтары зерттеледі. Авторлар сонымен қатар реформалардың ситуациялық саяси контекстіне жүгінеді, осы реформаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың саяси жағдайларына, сондай-ақ осы үрдіске қатысатын күштерге баға береді. Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта Қытайда оны ұйымдастырудың ұтымды принциптерін де, патримониялық принциптерді де біріктіретін «гибридті» бюрократиялық аппарат бар екенін көрсетеді. Яғни әкімшілік реформалардың сәтті болуы «номенклатуралық» таптың мүдделерін ескерумен байланысты. Осы себептібасқарудың батыстық үлгісінің негізгі элементтері, соның ішінде тиімді басқару, өкілеттік беру, қоғамдық қатысуды кеңейту мен қызмет көрсету, сондай-ақ экономикалық-стратегиялық тетіктер институционалдық және саяси шектеулергебайланысты Қытай контекстінде өзгерістерге ұшырайды.
Бекен МахмутовГулжан КамыроваЗайтунам Ашимова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-27891385410.52536/2788-5860.2026.89.1.003УКРАИНАДАҒЫ ОРТАЛЫҚТАСТЫРУ РЕФОРМАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/374

Жергілікті өзін-өзі басқару және орталықсыздандыру реформасы Украинада 2014 жылы басталды және әлі де жалғасуда. 10 жыл ішінде реформаның көптеген нәтижелері қазірдің өзінде байқалып, оның сәтті немесе сәтсіздігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл мақаланың мақсаты - Украинаның орталықсыздандыру реформасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау, бұл модель басқа посткеңестік мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға үлгі ретінде жарамды ма екенін түсіну. Реформаның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау украиндық сарапшылармен тереңдетілген сұхбат, сондай-ақ SWOT талдау арқылы жүзеге асырылды. Мақаланың нәтижелері бойынша негізгі тұжырымдар: Украинаның орталықсыздандыру реформасының кемшіліктерден гөрі артықшылығы көп. Реформаның негізгі артықшылықтары ретінде көрсетілетін әкімшілік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ олардың қолжетімділігін арттыру, әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру және жергілікті бюджеттерді ұлғайту болып табылады. Реформаның кемшіліктері аймақтық және жергілікті патроналды элиталардың күшеюі, сондай-ақ аудандар мен облыстар деңгейінде орталықсыздандырудың толық еместігі болып табылады. Мақаланың нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан жағдайында қолдануға болатын украин реформасының элементтері анықталды.
Мәди ОмаровАрчил Чочиа
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-27891557510.52536/2788-5860.2026.89.1.004ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛОББИЗМ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/425

Зерттеу жұмысы лоббистік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзара байланысын саяси және құқықтық тұрғыдан кешенді түрде талдауға арналған. Лоббизм қазіргі заманғы саяси жүйеде заңмен реттелген жағдайда азаматтық қоғам мен билік арасындағы ашық диалог тетігі ретінде қарастырылады. Алайда ол заңсыз, бақылаусыз, жасырын түрде жүргізілген кезде сыбайлас жемқорлық қаупін тудыра алады. Осы тұрғыда, Қазақстан жағдайында лоббистік қызметтің құқықтық реттелмеуі жемқорлық тәуекелдерінің артуына себеп болуы мүмкін.

Жұмыста лоббизм ұғымының мәні, халықаралық тәжірибедегі құқықтық шектеу құралдары, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың даму бағыттары және осы екі құбылыстың түйісу нүктелері сараланып көрсетілді.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда лоббизм мен сыбайлас жемқорлық арасындағы шекаралардың бұлыңғыр екендігі және оны құқықтық негізде нақтылау қажеттілігі дәлелденді. Лоббизмді заңдастыру, ашықтық пен есептілікті енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болатыны көрсетілді. Осы ғылыми жұмыс қорытындысында бірқатар ұсыныстар мен практикалық тетіктер ұсынылды. Зерттеу нәтижелері мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, құқықтық реформаларды жетілдіруге және саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізе алады.
Нурғиса КушеровСалтанат Жалмағамбетова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-27891769010.52536/2788-5860.2026.89.1.005ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ КЛИМАТ ЖӨНІНДЕГІ ЖАРИЯЛАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ФАКТОРЛАРЫ: СЫРТҚЫ ЫҚПАЛДАР ЖӘНЕ ІШКІ БАСЫМДЫҚТАР
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/492

Мақала 2007–2025 жылдары аралығында Қырғызстандағы климаттық тақырып бойынша публикациялық белсенділікке 252 ғылыми еңбектен тұратын дерекқорға сүйенген кешенді библиометриялық шолуды ұсынады, бұл ғылыми мүдденің эволюциясын, оның толқынды динамикасын және уақыт өте зерттеу күн тәртібінің құрылымдық өзгерістерін айқындауға мүмкіндік береді. Әдіснамалық база жылдар және кезеңдер бойынша жарияланымдарды есепке алуды, атаулар мен аннотациялардағы кілт сөздер арқылы тақырыптық бағыттарды жүйелеуді, сондай ақ ғылыми белсенділіктің ұлттық және халықаралық климаттық үдерістердің кезеңдерімен өзара байланысын мазмұндық талдауды қамтиды. Тақырыптық профильде су ресурстары, экологиялық проблематика және тұрақты даму блоктары басымдыққа ие. Динамиканы интерпретациялау ғылыми белсенділіктің халықаралық келісімдер, ынтымақтастық және қаржыландыру сияқты сыртқы факторларға, сондай ақ зерттеу жұмысының құрылымы мен басымдықтарын өзгертетін жаһандық дағдарыстардың ықпалына тәуелді екенін айқын көрсетеді. Авторлар пәнаралық зерттеулердің тапшылығын және әлеуметтік осалдық, мінез құлықтық өлшемдер, денсаулық сақтау, қалалық бейімделу және миграциялық гендерлік аспектілер бойынша бағыттардың жеткіліксіз дамығанын атап өтіп. Жалпы алғанда, шолу ғылыми дискурста ұлттық климаттық күн тәртібінің дәйекті нығаюын көрсетеді, сонымен бірге саясат пен тәуекелдерді басқару мүддесінде сипаттамалық, аналитикалық және болжамдық компоненттер арасындағы теңгерім қажеттілігін сақтайтынын айғақтайды.
Санат КөшкімбаевЖасұлан НұрбаевДинара Аубакирова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-278919110010.52536/2788-5860.2026.89.1.006АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ
https://www.journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/article/view/424

Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының (ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер, бастамашыл топтар) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы рөлі нормативтік түрде танылғанымен, олардың шешім қабылдау нәтижелеріне ықпалы көбіне консультативтік деңгейде қалады. Мақаланың мақсаты – азаматтық қатысудың жергілікті басқару тиімділігімен байланысын бағалап, ықпалдың институционалдық шарттарын айқындау. Зерттеу аралас әдіснамаға негізделді: Конституция мен «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға контент-талдау; квоталық-стратификацияланған сауалнама (n=2756; қала 63%, ауыл 37%); жартылай құрылымдалған сараптамалық сұхбат. Сандық деректер Spearman корреляциясы және кросс-талдаумен өңделді (p<0,05). Нәтижелер азаматтық қатысу мен жергілікті басқаруды субъективті бағалау арасында оң статистикалық байланыс бар екенін және өңірлік теңсіздікті көрсетті. Жаңалығы – институционалдық медиаторларға негізделген индикаторлық модель ұсыну.
Серікбол БерікқожаҚұрманғали ДаркеновҚарлығаш Нурмухаметова
Авторлық құқық (c) 2026 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР
2026-03-272026-03-2789110111710.52536/2788-5860.2026.89.1.007