pdf

Кілтті сөздер

балалар кедейлігі
көпбалалы жанұялар
мемлекеттік саясат
әлеуметтік қолдау
Қазақстан отбасы саясаты

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тажигалиева, Г., & Аскеева , Г. . (2026). КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫДАҒЫ БАЛА КЕДЕЙЛІГІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР . ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 89(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.010

Аңдатпа

Бұл мақалада Атаулы Әлеуметтік Көмек алатын 17 көпбалалы отбасымен жүргізілген тереңдетілген жартылай құрылымдалған сұхбаттар негізінде Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік қолдау бағдарламаларының іс жүзіндегі тиімділігіне эмпирикалық талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері кедейлікте өмір сүретін көпбалалы отбасылардағы балалардың толыққанды тамақтануға, білімге және медициналық қызметтерге қол жеткізуі шектеулі екенін және физикалық, танымдық және әлеуметтік дамуына кері әсер ететінін көрсетеді. «Нұрлы жол», АӘК, «Ауыл - ел бесігі» сияқты бағдарламалардың болуына қарамастан бала кедейлігінің деңгейі жоғары болып қалуда. Эмпирикалық талдау үш негізгі мәселені анықтады: АӘК төлемдері азық-түлікке жұмсалатын шығынның 40-50%-ын ғана жабады; бюрократиялық кедергілер отбасыларды 4-7 мемлекеттік мекемеге барып-келуге мәжбүрлейді; мемлекеттік бала-бақшаға кезек 6-12 айды құрайды. Зерттеу шынайы мұқтаж отбасылардың елеулі бөлігі әлеуметтік қолдаумен толық қамтылмайтынын растайды. Алынған деректер негізінде атаулы қолдауды жетілдіруге, мектепке дейінгі білім беру қолжетімділігін арттыруға және ата-аналардың жұмыспен қамтылуына бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.010
pdf